Ермек Көшербаев Тәжікстан СІМ басшымен телефон арқылы сөйлесті
01.10.2025 19:41
Фото:
СІМ-нің баспасөз қызметі
Тәжік тарапының бастамасымен еліміздің сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Тәжікстанның СІМ басшысы Сироджиддин Мухриддинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тәжікстан СІМ басшысы әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.
Министрлер екіжақты көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдетуге, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға барынша ықпал етуге дайындық расталды.
Сонымен қатар сұхбаттастар алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

