©El.kz

Ермек Көшербаев «Qazcontent» ұжымымен кездесті

04.07.2025 10:37

Премьер-министр орынбасары Ермек Көшербаев бастаған делегация «Qazcontent» акционерлік қоғамының жаңа ғимаратына келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Вице-премьер ұжымның жұмысымен танысып, редакция өкілдерімен тілдесіп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. 

Қазіргі таңда QAZCONTENT – еліміздің медиакеңістігінде айрықша орны бар ірі ұйым.

Оның құрамында:

– Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ресми сайты,

– Baq.kz ақпараттық порталы,

– El.kz интернет порталы

– adebiportal.kz (Әдебиет порталы),

– e-history.kz (Қазақстан тарихы) сынды танымдық ресурстар бар.