Ермахан Ыбрайымов Азия ойындарының жас жүлдегерлерін құттықтады
26.10.2025 08:34
Фото:
ҚР спорт комитеті
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин Бахрейнде өткен III жасөспірімдер Азия ойындарында аралас жекпе-жек (ММА) бойынша жүлдегер атанған қазақстандық спортшылармен кездесті. Кездесуге Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов та қатысты, деп жазады El.kz интернет порталы.
Комитет төрағасы жас спортшылар мен олардың бапкерлеріне жемісті өнер көрсеткендері үшін алғыс білдірді:
«Сіздердің жеңістеріңіз – Қазақстанда жаңа буын талантты спортшылардың өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бүгін сіздер болашақ спортшылар үшін жоғары жетістектерге жол бастап отырсыздар!», – деді Руслан Есеналин.
Кездесу соңында төраға спортшыларға естелік сыйлықтар табыстап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

