©El.kz/Артем Чурсинов

Ерлан Қарин: Жолдаудың басты өзегі – цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында ел дамуының негізгі бағыты ретінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізуді атап өтті. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Биылғы жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді, – деді ол.

Қариннің айтуынша, бұл қадамдардың барлығы жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктірілмек.

Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді, – деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші.

Оның сөзінше, биылғы жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні дамыту Қазақстан үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалған.