Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайда қандай бастамалар көтерілгенін айтты
15.03.2025 12:46
Фото:
Ақорда
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көтерген бастамалары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы қандай маңызды бастамаларды ұсынды?
- Идеологиялық және гуманитарлық жобалар;
- Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу;
- Үкіметтік емес ұйымдар саласындағы заңнаманы жетілдіру;
- Шетелде Абай институттарын ашу;
- Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру;
- Ұлттық цифрлық архив құру;
- «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын іске қосу;Әр облыс орталығында ерекше балаларға арналған оңалту және даму орталықтарын ашу;
- Әр облыстық, аудандық орталықтарда, ауылдар мен кенттерде балаларға арналған футбол алаңдарын салу.
Экономикалық және инфрақұрылымдық бастамалар
- Тәуелсіздіктің 40 жылдығына дейінгі ел дамуының бес басым бағытын айқындау: цифрландыру және жасанды интеллект, көлік және транзит, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, адами капитал;
- 2025 жылы нақты секторды қаржыландыру көлемін екі есе арттырып, 8 трлн теңгеге, ал келесі жылдары 10 трлн теңгеге дейін жеткізу;
- 2025-2026 жылдары ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру;
- Алдағы төрт жыл ішінде жыл сайын 200-ге жуық инвестициялық жобаны іске қосу;
- Шекара маңы аумақтарын дамыту туралы жаңа заң әзірлеу;
- Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тікелей шығатын автожол салу;
- Ядролық энергетика агенттігін құру.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

