Жаңалықтар

Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысын қабылдады

Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысын қабылдады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.11.2023 08:29 906

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевпен жүздесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Ерлан Қаринге биыл құрылғанына 30 жыл толған Халықаралық түркі мәдениеті ұйымның атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтты. 

Мемлекеттік кеңесші ұйым құрылғалы бері түркі халықтарының мәдени мұрасын насихаттауда және түркі мемлекеттері арасындағы мәдени-рухани қарым-қатынастарды дамытуда толайым табысқа жеткенін айрықша атады. 

Сондай-ақ Е.Қарин Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы аясында белгіленген басым міндеттерді жүзеге асыру кезінде ТҮРКСОЙ зор рөл атқаратына назар аударып, ұйымның Х саммиті Астанада табысты өткенін жеткізді. 

Тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен келесі жылы Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны шеңберінде мәдени шараларды бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылап, кездесу соңында Ерлан Қарин мен Сұлтан Раев ТҮРКСОЙ ұйымы арқылы түркі бірлігін дәріптеуге бейілді екендерін нақтылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға