Жаңалықтар

Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Фото: Ақорда 27.12.2022 21:02 1551

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық комиссияның шешімімен 178 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді. Олар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндірістік орталықтарында магистратура, докторантура және резидентура бойынша білім алады, сондай-ақ тағылымдамадан өтеді.

Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде стипендиаттардың басым көпшілігі шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді.

Жиын соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға