Жаңалықтар

Ерлан Қарин ҚСЗИ Ғылыми Кеңесінің отырысына қатысты

Ерлан Қарин ҚСЗИ Ғылыми Кеңесінің отырысына қатысты
Фото: Ақорда 29.12.2022 15:55 992

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Ғылыми Кеңесінің қорытынды отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында ҚСЗИ-дің директоры Еркін Тұқымовтың институттың 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2023 жылға арналған жоспарларына қатысты баяндамасы тыңдалды.

Сонымен қатар ҚСЗИ директорының орынбасарлары С.Көшкімбаев, А.Жолдыбалина, Б.Әбеновалар ғылыми мекеменің қызметіндегі негізгі мәселелер мен мақсат-міндеттері жайында есеп берді.

Мемлекеттік кеңесші өз сөзінде ҚСЗИ мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарын сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеуде маңызды миссия атқарып келе жатқанын атап өтті.

Ерлан Қарин ҚСЗИ өзінің кадрлық әлеуетін алдағы уақытта да арттыра беруі, аймақтағы сарапшылар қауымдастығымен қарым-қатынасты бекіте түсуі, зерттеу тәсілдерін жетілдіруі, оның ішінде әлеуметтік зерттеулерді кеңейтуі қажет екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға