Жаңалықтар

Ерлан Нысанбаев Астана іргесінде жасыл аймақтың жұмысымен танысты

Ерлан Нысанбаев Астана іргесінде жасыл аймақтың жұмысымен танысты
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі 21.07.2024 01:37 622

Экология және табиғи ресурстар министрі Астана қаласының айналасындағы жасыл аймақты аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Нысанбаев Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, Ә.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтының және «Жасыл Аймақ» ШЖҚ РМК өкілдерімен бірлесіп Астана қаласының аймағындағы жасыл желектітік ұшақпен бақылап, егілген ағаштардың жай-күйімен танысты.

Министр бұрыннан бар көшеттерді тығыздау, күйзеліске ұшыраған көшеттерді қалпына келтіруді тапсырып, одан арғы атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті тапсырмаларды жүктеді. Неғұрлым құнды тұқымдардың, оның ішінде микроклональды тәсілмен алынған отырғызу материалдарын қолдануға ерекше назар аудару қажет, бұл ретте осы жұмыстарды ғылыми сүйемелдеуге ерекше көңіл бөлу керектігі айтылды.

Жалпы жасыл желектің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Бүгінгі күні елорда айналасындағы жасыл аймақтың жалпы ауданы 102,3 мың га құрайды, оның ішінде «Жасыл аймақ» РМК аумағында 87,6 мың гектар. «Астана Орманы» ЖШС аумағында 14,7 мың гектарды құрайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға