Еркін күрестен рейтингілік турнир: Әлішер Ерғали алтын, Ризабек Айтмұхан қола медаль алды
07.06.2024 04:31
Фото:
olympic.kz
Венгрияның Будапешт қаласында еркін күрестен рейтингілік турнирдің бірінші жарыс күні аяқталып, қазақстандық балуандар жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
97 келі салмақта Әлішер Ерғали жеңімпаз атанды. Ол әзербайжандық Магомеджан Магомедовпен белдесуі керек болған. Алайда, қарсыласы кілемге шыққан жоқ. Осылайша, Әлішер жеңімпаз атанды.
Осы салмақта қолаға күрескен Ризабек Айтмұхан словкиялық Батырбек Цакуловтан басым түсіп, жаңа салмақтағы кезекті жүлдесін алды.
Айта кетелік, Ризабек жартылай финалда Магомеджан Магомедовттен 7:15 есебімен ұтылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

