Жаңалықтар

Еркін күрестен үш балуан бозкілемге шығады

Жарыстың аталған сатысындағы сайыстар елорда уақытымен 14:30-де басталады
Еркін күрестен үш балуан бозкілемге шығады
Фото: olympic.kz 17.09.2022 12:42 2131

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бүгін, 17 қыркүйекте еркін күрестен үш балуан бозкілемге шығады, деп хабарлайды El.kz.
Дүбірлі додада бүгін қазақстандық жанкүйерлер еліміздің құрамасынан үш балуанның белдесуін тамашалай алады. Олардың қатарында Асыл Айтақын (61 келі), Әділ Оспанов (65 келі) және Мамед Ибрагимов (97 келі) бар.
Жарыстың аталған сатысындағы сайыстар елорда уақытымен 14:30-де басталады.
Айта кетсек, еркін күрестен 86 келі салмақта Азамат Дәулетбеков қола жүлде алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова күміс жүлде алды.
Сондай-ақ грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали қола жүлдегер атанды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға