Жаңалықтар

Еркін экономикалық аймақтың қазақстандық кәсіпкерлерге қандай пайдасы бар?

Еркін экономикалық аймақтың қазақстандық кәсіпкерлерге қандай пайдасы бар?
Фото: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 01.06.2023 11:47 864

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов еркін экономикалық аймақтың қазақстандық кәсіпкерлерге қандай пайдасы бар екенін айтты, деп хабарайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басты ерекшелігі – еркін экономикалық аймақ шеңберінде бірталай Қазақстанда шығарылмайтын тауарлар бізге келді. Жалпы сомасы 7 триллион теңгеден асып отыр. 450 миллиарды экспортқа шығарылады. Осы сандарға қарайтын болсақ, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі жалпы өзіне салынған ақшаны ақтап келе жатыр, - деді ол.

Айта кетейік, отырыста Сенат «Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Заң 2021 жылғы 19 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қол қойылған 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға бағытталған. Хаттаманың негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Келісімнің бірқатар баптарына редакциялық және заңдық сипаттағы өзгерістер енгізу. Құжатта еркін экономикалық аймақтардың аумағы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігі, ал порт және логистикалық ЕЭА шегі – Одақтың кедендік шекарасы болып табылатын норма көзделеді, - деді сенатор Әлібек Нәутиев.

Бұдан бөлек кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағы аумағында осы ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады, деп атап өтті ол.

Хаттамаға сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағында Одақтың Кеден кодексіне сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарлар және Одақтың тауарлары да, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағында болуға тыйым салынған тауарларды қоспағанда, өзге де шетелдік тауарлар және Одақтың тауарлары орналастырылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін, - деді Сенат депутаты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға