Жаңалықтар

"Еркекті - балдыз, әйелді - тәте". Туыстық атауларды білмейтін әжелер желіні шулатты

"Еркекті - балдыз, әйелді - тәте". Туыстық атауларды білмейтін әжелер желіні шулатты
Фото: Видеодан кадр 11.09.2023 12:50 10810

Жалпы қазір еркекті балдыз деп, әйелді тәте деп қатты шатасып жүрміз. Қазіргі қаланың қазақтары қай туысы қалай аталатынын біле ме? Осыған байланысты "Евразия бірінші арнасының" тілшісі арнайы эксперимент жасап көрді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист қала тұрғындарын тоқтатып, туыстық атауларды сұрай бастағанда-ақ жасы үлкен апалар дұрыс жауап бере алмай, ойланып қалды.

"Абысындар деп кімді айтамыз? Абысын-ажын дегенді ажыратып беріңізші", - деген сұрақ қойды.

Өзіміздің туған, туған емес, жігітіңнің үй жағына қарайтын, қайын ағаларымыздың..., - деп жауап бере алмады.

"3-4 абысыным бар. Қайын ағаларымның әйелдері ғой". Ал ажын деген..., - деді тағы бір апа.

Қазақта әр туыстың белгіленген атауы бар. Жастар түгілі үлкендердің өзі бұл атауларды білмейтініне жиеннің кім болатынын айта алмаған әженің жауабы дәлел болды.

Баламыздан туған бала жиен болады, - деп жауап берді ол.

Ал тағы бір әжеден "бажа деген кім болады?" дегенде "Күйеу жігіт жағының несі болады ғой. Күйеу арқылы өзіміз алып отырмыз", - деп жауап берді.

Ал "шалымның туысқан әпкелерінің балалары бізге жиен болады. Ал жиеншар біздің қызымыздың балалары жиеншар болады", - деп жауап берген апа дұрыс жауабымен таңғалдырды.

Қалада білім алып жүрген жастар да туыстық атаулардан бейхабар болып шықты.

Жастардан "Балдыз деген кім болады?" деп сұрағанда "Балдыз деген інім болады. Бажа деген әйелдің інісі болады", - деп жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға