29 Қараша 2025, 18:57
Еркектер де алимент ала алады
«Заң және тәртіп» - қоғамдағы маңызды құқықтық мәселелерді қарастыратын подкаст. Бүгінгі шығарылымда біз көптеген отбасыға қатысты ең өзекті тақырыптардың бірі алимент мәселесін талқыладық. Шығарылымда тәжірибелі заңгер Бауыржан Сералин алимент төлеу міндеттемелері, баланың құқығы, ата-ананың жауапкершілігі, сот арқылы өндіру тәртібі сияқты күрделі құқықтық сұрақтарға жан-жақты түсінік берді.
Сондай-ақ, бұл бөлімде:
- Алимент қалай және қандай жағдайларда тағайындалады?
- Еркін келісім мен нотариалды шарттың артықшылығы қандай?
- Алимент төлемей жүргендерге қандай әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған?
- Атқарушылық іс жүргізу қалай өтеді, борышкерді шектеу шаралары (шетелге шығуды шектеу, жүргізуші куәлігін тоқтату, мүлікке тыйым салу) қалай жұмыс істейді?
- Онлайн форматта алимент өндіру мүмкін бе?
- Баланың мүддесін қорғау, алимент мөлшері, дәлел жинау және сотқа жүгіну тәртібі жайлы практикалық кеңестер айтылды. Бауыржан Сералин нақты мысалдар арқылы алиментке қатысты қате түсініктерді түзетіп, ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндірді. Тақырыпқа қатысты сұрақтарыңыз болса, шығарылымды тыңдап, өз пікіріңізді қалдырыңыз.