Жаңалықтар

Еркебұлан Ғылманов - мамыр айының жеңімпазы!

Конституцияның 20 жылдығына арналған тест қорытындысы бойынша мамыр айында Еркебұлан топ жарды
01.06.2015 03:39 6221

Конституцияның 20 жылдығына арнап басталған тесттің мамыр айы бойынша қорытындыларын жариялаймыз!

Еркебұлан Ғылманов - мамыр айының жеңімпазы!

Тест сұрақтарына сайтқа тіркелген 600-ден астам адам мен өзге де көптеген қолданушылар жауап берді.

Тестілеу жаңа технологияларды қолданумен жасалды. Жеңімпаздарды анықтау әділ өту үшін таймер енгізіліп, көшірілмейтін етіп шара қолдандық. Бұл тест ай сайын ұйымдастырылып, жыл соңында әр айдың жеңімпаздарының арасында финал ойнатылады. Топ жарғандарға, уәде бергеніміздей, сыйлықтар табыстаймыз. Сондай-ақ, үздік атанған қатысушылармен сұхбат ұйымдастырып, ай сайын жариялап отырамыз. Мамыр айының қорытындысы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, жаратылыстану-географиялық факультетінің 1-курс студенті Еркебұлан Ғылманов  үздік нәтиже көрсетті.

Еркебұлан Ғылманов - мамыр айының жеңімпазы!

– Еркебұлан, өзіңіз туралы айтып кетсеңіз?

– Мектеп қабырғасында оқып жүргенде биология пәніне қызығушылығым басым болды. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-географиялық факультетін, оның ішінде «биология» мамандығын таңдағаным да сол. Осы ғылым саласы маған қатты ұнайды. Болашақта оқуымды үздік бағаға тәмамдап, тәуелсіз елімізді дамытуға үлес қосқым келеді.

– Конституция сіз үшін өміріңізде қандай орын алады?

– Тарихқа көз жүгіртсек бағзы заманнан бері адамзат заңды қастерлеп, оның мәнін түсініп, оны сақтауға тырысқан.

«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сынды заңдар жинағы қазақ даласындағы тәртіптің, құқықтық қатынастардың іргетасы.

Әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін білгенде ғана қоғамнан лайықты орын алады деп ойлаймын. Ал осы құқықтарды бекітетін негізгі құжат бұл – Конституция. Сондықтан менің өмірімде конституцияның алатын орны ерекше.

 – Сіздің ойыңызша Конституция халық үшін қаншалықты маңызды?

– ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі ұстанымдарын бекітетін, адамның қоғамда алатын орнын байқататын негізгі Заң. Оның нормаларын білу, мәнін ұғыну қазіргі кезеңдегі өркениетті елдердің мемлекеттік құқықтық тәжірибесінде қажетті болып табылады. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» – деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай тәртіпке бағынып, Конституцияны құрметтеу әр азаматтың борышы. Ал тәртіптің, тұрақтылықтың халық өмірінде орыны ерекше. Олай болса, құқықтық мемлекет құруды ұстанған мемлекеттің кез-келген мүшесі Қазақстанның партиоты ретінде оның негізгі заңын сыйлау, құрметтеу үшін қолынан келгенді аямау керек деп есептеймін.

– Тест сұрақтарының барлығына дұрыс жауап бердіңіз, болашақта заңгер мамандығын да қосымша меңгергіңіз келе ме?

 –Негізі Заңды жетік білген дұрыс. Болашақта заңгер мамандығын қосымша оқып алуға қарсы емеспін.

P.S: Байқау шартына сай Еркебұланға жеңісін растайтын сертификат, кітап және El.kz логотипі бар кружка сыйланады.

Еркебұлан Ғылманов - мамыр айының жеңімпазы!

Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға