Жаңалықтар

Ерке Есмахан өзіне ақыл айтқан оқырмандарына реніш білдірді

Ерке Есмахан өзіне ақыл айтқан оқырмандарына реніш білдірді
Фото: @erke_esmahan 08.05.2023 13:50 3378

Таяуда ғана өзінен 12 жас кіші сүйіктісімен бас қосқан белгілі әнші Ерке Есмахан Лондонда демалуға аттаған еді. Саяхат барысында өнер иесі өзінің әлеуметтік желіде оқырмандарына реніш білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Демалыс кезінде түрлі жазба жариялаған әншінің оқырмандары оған ақыл айта бергенге ұқсайды. Қатты қапаланған Ерке Есмахан ренішін жеткізді. 

"Қазақ" десе өзіме тиеді! Неге отырып алып ақыл айқышсыздар, а? Сіздер басқа елдің мәдениетін көрсін, білсін деп инстаға бөлісемін. Ешкім "қазақилығыңды тастап, осындай бол" деп жатқан жоқ қой! Бүкіл әлемде не болып жатыр, адамдар қалай өмір сүретінін қарап, әркім өзі үшін сабақ алсын деген әңгіме ғой бұл жерде. "Мулин ружды тарихымен түсіндіріп салсам, "ойбай, жартылай жалаңаш, ол не керек бізге?" дейсіздер. Коронацияны көрсетсем, "шал мен кемпір церковте, не бәле, керек емес бізге" дейсіздер. Әншінің концертін көрсетсем "жын-шайтан, құрып кетсін" деп тағы сөйлейсіздер. Неге сонша негативке жатып алғансыздар?, - деді Ерке. 

Бұған дейін әнші Лондон белгілі футбол жұлдызы Дэвид Бекхэмді көріп, онымен қалай кездескені туралы айтқан еді. Тамақтану орнында отбасымен бірге отырған теңбіл доп шеберін әнші жасырын суретке түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялаған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға