Жаңалықтар

Еріктілер қозғалысының белсенділігі қоғамның жетілуін көрсетеді – Дәурен Абаев

Еріктілер қозғалысының белсенділігі қоғамның жетілуін көрсетеді – Дәурен Абаев
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.06.2023 11:08 1013

Астанада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Халықаралық волонтерлер форумының алғашқы сессиясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай форумға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, еліміз бойынша бірқатар бастаманы іске асыруға бағытталған жұмысты бастап кеткенін атап өтті.

Бұл туралы бүгін осы панельдік сессия аясында айтылатын болады. Көбіне ақыл мен жүректің күйі, тектілік пен мәдениеттің дәлелі ретінде қарастырылады. Гуманитарлық құндылықтары бар көптеген мемлекеттің ұзақ мерзімді мақсаты ретінде еріктілікті дамытуға басымдық беруі кездейсоқ емес, – деді Қайрат Сарыбай.

Сондай-ақ ол өз сөзінде бұл әлеуметтік-мәдени және гуманитарлық көпжақты өзара іс-қимылды нығайту екенін атап өтті.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанадағы саммит кезінде ӨСШК шеңберінде өркениетаралық диалог пен адамдар арасындағы байланыстарға жәрдемдесудің маңыздылығын растайды деп атап өткен болатын. ӨСШК-ге мүше мемлекеттер хатшылығының көмегімен бүгінде ӨСШК сыртқы істер министрлерін қабылдау үшін министрлер өтінішін дайындау жобасын аяқтау үшін тиісті жобалар қабылдануда, – дейді.

Сөз соңында ӨСШК хатшылығының атқарушы директоры форумның барлық қатысушыларына және ӨСШК аймағындағы, одан тыс жерлерде еріктілікті дамыту үшін жаңа бағыттарда жұмыс істеп жатқан еріктілер ұйымына нәтижелі жұмыс пен табыс тіледі. Өзара түсіністік арқылы бейбітшілікке ықпал етіп, қоғамды нығайтатын еріктілік мәдениетін бірге көтеру қажеттігін тілге тиек етті.

Ал ТМД бас хатшысының орынбасары Дәурен Абаев халықаралық форумның өзектілігі бүгінгі таңда артқанын жеткізді. Әсіресе қоғамның әр саласындағы түйінді түйткілдерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік институт екенін айтты.

Еріктілер қозғалысының белсенділігі қоғамның жетілуін және оның даму деңгейі мен өзіндік ұйымдаса алу қабілетін көрсетеді. Қазақ халқында «жақсылық болған жерде тапшылық болмайды» деген керемет мақал бар. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қызмет ету қашаннан қанымызға сіңген асыл қасиет, – деді Дәурен Абаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға