Жаңалықтар

Ерікті Перизат Қайраттың ұсталуы: Аида Балаева пікір білдірді

Ерікті Перизат Қайраттың ұсталуы: Аида Балаева пікір білдірді
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 14.11.2024 16:01 834

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайраттың жемқорлық фактісі бойынша ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзіне қарағанда, мұндай жағдайлар қайырымдылық көмек көрсету механизмдерін жетілдіру керектігін дәлелдейді.

Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтықпен мен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын, - деп жазды министр.

Айта кетейік, аталған қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілікті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға