Еревандағы әлем чемпионатының екінші күнінде самбошылар тағы үш медаль иеленді
12.11.2023 10:35
Фото:
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі
Арменияда самбо спортынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары үш медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ереванда ел намысын қорғаған Еламан Қойшыбаев 88 кг салмақта финалға шыққан болатын. Отандасымыз жартылай финалда ӘЧ-ның қола жүлдегері, парсы балуаны Сейед Саедиманадиден 5:1 есебімен басым түсті. Өкінішке қарай, ол чемпиондық сында қырғыз балуаны Жамалбек Асылбек уулуынан ұтылып қалды.
Бұдан бөлек, Арнұр Қуатай (71 кг) мен Шынар Абатова (72 кг) қола жүлдегер атанды. Әзірге Қазақстан самбошылары чемпионат кестесінде 2 күміс, 3 қола жүлдемен жалпы есепте 8-орында тұрақтады. Бүгін әлем чемпионатының соңғы күнінде 7 салмақ дәрежесі бойынша балуандар белдесуі өтетін болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

