Ердоған апат аймағындағы тұрғындарға алғыс айтты
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған апат аймағындағы тұрғындарға сайлауға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ердоған саяси көзқарастарының қандай екендігіне қарамастан әр сайлаушының пікірін сыйлайтынын жеткізді.
Әлеуметтік желіде жарияланған жазбасында саясаткер елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы жағдайды толықтай қалпына келтіргенше күш салатынын жасырмады.
6 ақпандағы жер сілкінісінен зардап шеккен провинцияларда бүгінгі күні 910 мыңнан астам шатыр тігіліп, 117 мың модульдік тұрғын үй конструкциялары орнатылды, - деп атап өтті Ердоған.
Түркия көшбасшысы небәрі 57 күннің ішінде пайдалануға берілген Хатай провинциясындағы Дефне ауруханасын мысалға келтірді.
Бір жылдың ішінде 319 мыңнан астам үй тұрғызылады. Жалпы 650 мың тұрғын үй салу жоспарда бар, - деді саясатер.