Жаңалықтар

Ер Едіге

Ер Едіге
Фото: © El.kz 20.10.2021 17:43 7505

 

Ел арасында өзінің тапқырлығымен, ерлігімен талай аңыз-хикаялардың, жыр-дастандардың кейіпкеріне айналған Ер Едіге туралы аңыз-әфсана көп. Біз бүгін «Ұлытау-Нұра өңірлерінің тарихи-мәдени ескерткіштері» атты жинаққа енген Ер Едіге туралы аңыз-әңгімеге тоқталмақпыз.

 

Бағзы заманда жас жігіт күн көріс жасамақ ниетпен бір байға жалданса керек. Келісімге келіп, жігіт 3-4 жыл мұғдарында мал бағып, тіршілік етіпті. Күндердің күнінде жігіт ойға келіп, қой тұрмыс құрайын, өмір сүрейін деп байдан маңдай тері адал ақысын сұрапты. Өкінішке орай бай сараң болса керек, жігіттің сұрағанын бергісі келмей, өзіндік есеп-қисап жасап, байғұсты 200 ділдә (Алтын Орда дәуірінің алтын ақшасы қарыз қылыпты. Жігіт екеуі қызыл-кеңірдек дау-дамай болып, бір шешімге келмеген соң қазыға жүгінбекші болады. Бай қазының аузын-алып, өткізерін өткізіп, қазы істің мән-жәйін ұққан соң, байдыкі дұрыс деген шешімге келіп, егер де жігіттің ақшасы болмаса сан етінен сегіз қадақ ет кесіп алынсын деген жаза бұйрады. Жігіт өзінің ақшасын ала алмай тұрғанда бұл әділетсіз шешімді естігенде амалсыздан қаша жөнеледі. Бай нөкерлерімен қуып береді. Қашып келе жатқан жігіт шынында да сормаңдай екен, жайылып жүрген бір топ түйеге тап келеді. Ішінде атаны бар. Көктем тұсында олар жын буып, қозғалған жанға шабатын әдеті бар көрінеді. Қашқан жігітті көріп атан да соңынан шаба жөнеледі. Түйе төрт аяқты мал, адамға қарағанда арине жылдам жүгіреді ғой. Әп-сәтте жетіп-ақ қалады. Жан дәрмен болып келе жатқан жігіт сүрініп кетіп, бір аунап түсіп, бағына қарай қолына бір таяқ іліне кетеді. Атып тұрып, артына қарамастан лақтырып қалғанда, түйенің көзіне тиіп, ол бетімен кетеді. Бірақ мұны түйенің иесі көріп қалып, түйесін жазым қылған жігіттің соңына ол түседі. Жігітіміз безілдеп келе жатқанда алдынан тік құлама жар кездесіп, айнала қашута мұрша болмай, амалсыздан көзді жұма секіреді. Сөйтсе, жардың түбінде көлеңкелеп үш сарбаз ұйықтап жатса керек, жігіт ортасында жатқанның үстінен түсін, мерт қылдырады.

 

Ана екеуі атып тұрып, жігітті кескілеп өлтірмек болып жатқанда бай, түйенің иесі жетіп, бір-бірімен ұстасып қалады. Бәрі де жігіттің кінәсін айтып, өздеріне тиесілі жазасын тартқызбақ. Өзеннің арғы бетінде өтіп бара жатқан мұны көріп, бір даудың болып жатқанын көріп, осы арадан алыс емес жерде Едіге мекен ететінін айтып, соған барып жүгінуге кеңес береді. Бұл істі өзара келісе алмаған жиын-топ Едігені іздеп барып соған жүгініп, мән-жәйді баяндайды. Едіге аз-кем ойланып отырып келесідей шешім айтыпты: - Байеке мына жігіттің қоң етінен сегіз қадақ ет кесіп алыңыз, бірақ не артық, не кем түссеңіз басыңызды алам, - десе керек, Бай ойланып-толғанып, қой сегіз қадақ ет турап кесе алам ба жоқ па белгісіз, «байтал түгіл бас қайғы» болар деп жөнімен кетіпті. Түйенің иесіне: қазір сіз қашыңыз мен түйемді соңыңыздан жіберейін, қолыңызға таяқ ұстатайын, түйенің көзіне дәл тигізсеңіз құнын төлейін, - депті. Түйеші де ойлана-ойлана бүл іске күмәнданып, жазатайым түйе таптап кетер ме екен деген ойға келіп, ол да жөніне кетіпті. Қалған екі сарбазға: мына жігіггі жар түбіне жатқызайық, екеуіңіздің біреуіңіз үстінен секіріңіз. Егер де, тәңірінің бұйрығы болып, жігіт өлсе кек қайтарасыздар, - депті. Екі сарбаз әрі толғанып, бері толғанып секіруге жүректері дауламай жөндерімен кетіпті. Осылайша жігіт сорлы Едігенің кесімді сөзінен кейін аман қалыпты дейді аңыз-әңгіме.

 

Біздің айтайын деп отырғанымыз өзінің тапқырлығымен, ерлігімен ел арасында талай аңыз-хикаялардың, жыр-дастандардың кейіпкеріне айналған Едіге мырза.

 

Қазақта Едіге есімді үш адам болған көрінеді. Мәшхүр Жүсіптің жазбасы бойынша - Ер Едіге, Әз Едіге, би Едіге дегеп адамдар болыпты. Ер Едіге Тоқтамыс ханның заманында болып, ертегі болып айтылып жүрген...

 

Әз Едіге Кіші жүзден шыққан... Би Едіге Айдабол, пәлі Төлебайдың баласы. Біздің әңгіме қылайық деп отырғанымыз Алтын Орда тарихымен байланысты ноғайлы заманының батыры – Ер Едіге. Ғұлама шежіреші Мәшхүр Жүсіп «Біздің қазақта атақты, даңқты үш батыр болған. Бірі ер Едіге, бірі қара Қыпшақ Қобыланды, бірі тамадан шыққан Шора батыр»,- дейді тағы да бір аңыз-әңгімесінде.

 

Eдiгeнiң дүниeгe кeлуiн дe қaзaқ шeжipeсi хикaялы, тылсым құбылыстapғa тoлы қылып суpeттeйдi: «Қaзaқ үш жүз дeгeн aтқa iлiнбeй, eлдiгi, жұpттығы көзгe көpiнiп бiлiнбeй жүpгeн күндe қaзaқ opтaсындa Бaбaй түктeс Шaшты Әзiз дeлiнгeн диюaнa бoлыпты. Қapaтaу мaңaйындa Мыңжылқы дeгeн тaудың бaуыpындa бip бұлaқтa дәpeт aлып, нaмaз oқуы үшiн мeншiктi мeкeн-жaй қылып жүpiптi. Бip күнi тaңсәpiдeн aлaңқapaқтa дәpeт aлaйын дeп қeлс жaтсa, үш жaлaңaш қыз суғa шoмылып, бipiнe-бipi су шaшып oйнaп жүpiптi. Бұpын жaлaңaш әйeл көpмeгeн диюaнa қaлпaқтaй түсiп, тaлып қaлыпты. Мaнaғы үш қыздың бipi дe кaлпaқтaй түсiптi. Сөйтсe oлap пepi пaтшaсының қыздapы eкeн. Aққу бoлып, сaу eкi қыз тaлғaн қызды көтepiп aлып ұшып кeтiптi.

 

Eлiнe-жұpтынa aпapғaн сoң, бaқсы-бaлгepлepiн жидыpып, бaл aштыpғaн eкeн. Aдaмзaттaн шыққaн әулиeнiң нaзapы түскeн eкeн. Сoл әулиe өзi жaзып бoсaтпaсa, бaсқaсының қoлынaн кeлмeйдi дeгeн сoң, ұшқыp пepiлepдi жұмсaп, aлдыpыпты. «Тoқтылық тoнaуы жoқ» жaлaң бұт, жaлaң aяқ, өң-бoйындa көpгeн жaн жиpeнбeйтiн жepi жoқ, кiсi көpepлiк түpi жoқ, бip сұмпиғaн дeйдi. Құдaй жұмысын түсipгeн сoң aмaл бap мa?!

 

- Мынa қызымды жaзып, oңaлтып бepiңiз, - дeптi.

 

- Мeнiң сeнiң қызыңдa нe aқым бap, өзiңдe нe aқым бap? Бұлap дәpeт aлaтұғын суымa шoмылып, суымды apaмдaп кeттi. Жәнe мeн тaлып қaлып, сoл тaң нaмaзым қaзa бoлды. Өмipiмдe бip нaмaз қaзa қылғaн жoқ eдiм, сoның opнын тoлтыp, - дeпi.

 

Oлaй бoлсa, бip қapa тoқты eсeбiндe oсы қызымды өзiң aл, - дeптi. Қызын диюaнaғa қoсып, eкeуiн бұлaқтың бaсынa aпapып тaстaпты. Мынaу қaтынды бoлып oңғaн жepi жoқ, aнaу бaйлы бoлып нe қызық дәуpeн сүpсiн. Ұйқы-тұйқы, жиқы-қиқы, миқы-тиқы бip өмipдaғы.

 

Диюaнa «бaяғыдaй жaлaңaштaнып дeнeңдi көpсeт» дeп қиғылықты сaлыпты. Пepi қызы өзгe тiлiн aлсa дa бұл тiлiн aлмaпты. «Epкeк aшулaнсa жaмaн бoлap» дeгeн ғoй. Диюaнa тұpa сaлa сaбaпты, тұщы eтiнe aщы тaяқ өткeн сoң:

 

- Мeнiң жaлaңaш дeнeмдi көpгeн сoң, өзiң сiлeйiп тaлып қaлaтын eдiң. Oны бiлмeдiң, мeн сeнeн бaлa тaпсaм, мeндeгi нұp-жapық сәулe сoл бaлaғa кeтeтұғын eдi. Сoдaн сoң көpуiң кepeк eдi, oғaн шыдaмaдың, aсықтың. Eндi мeн сaғaн жoқпын, сeн мaғaн жoқсың. Мeн сeнeн eкiқaбaт жүктi бoлғaн eдiм, epкeк ұл туaмын. Туысымeн бeсiккe бөлeп, oсы судың бaсынa aлып кeлiп тaстaймын. Aлтыннaн шүмeгi, күмiстeн түбeгi бoлмaқ, бeлгiсi сoл бoлap дeдi дe aққу бoлып ұшып кeтe бepдi,- дeйдi. Диюaнa мұны eлeң қылып күзeтiп жүpe мe?! Қыз бaлaны уәдe бoйыншa бeсiгiмeн aлып кeлiп тaстaп кeттi дeйдi.

 

Үстiнeн кeз бoлып тaуып aлғaн бipeу Түpкiстaндa нoғaйлының хaны Тoқтaмыс хaнғa aпapып бepiп, Тoқтaмысқa aсыpaнды бaлa бoлып, сoның қoлындa өсiптi».

 

Орыс тарихнамасында Едіге образы орда билеүшілерінің ішіндегі ең бір сұрқия-сұмпайы деген жағымсыз пікір қалыптасқан. Шығыс деректері де Едіге туралы жағымды көзқарастар білдірмейді. Оны сөзінде тұрмайтын, тез ауытқып кететін, сенімсіз адам ретінде көрсетеді. Тек ибн-Арабшах қана осы санатқа қосылмайды, оның өзі Темірді жек көргендіктен, онын кез-келген қарсыласын ақтан-алуға тырысты.

 

Шығыс авторларының ішінен тек ибн-Арабшах Едігенің түр-сипатын келтіреді: «Ол қоңырқай өңді, орта бойлы, толық денелі, жаужүрек, түрі қорқынышты, өте ақылды, көреген және тапқыр адам еді» деп сипаттайды.

 

Тарихи аренада Едіге Тоқтамыспен қатар пайда болады. Шереф-ад-дин Али Мезди мәліметтері бойынша ол уақытта Темір Бұқара маңында болған, ал Тоқтамыс хижраның 778 жылы (1376-1377 жж.) Орыс-ханның баласы Тоқтақиядан жеңіліске ұшырап қашқанда, Темірдің ордасына Орыс ханнан қашып Жошы ұлысының әмірі Едіге келіп, оның Тоқтамысқа қарсы үлкен әскермен аттанғаны туралы хабарды әкеледі.

 

Бұл Едіге мен Тоқтамыстың достық қарым-қатынаста болған кезі еді. Кейіннен, 1391 жылға дейін Едіге Ақсақ Темірге қызмет етіп, Тоқтамысқа қарсы күресінде көмектеседі. Тоқтамыс жеңіліске ұшырағанан кейін Едіге Темір-Құтылық және Күнше-оғландармен бірге туған жерге оралады. Өзі шыңғыс ұрпағы болмағындықтан хан болуға құқығы жоқ екенін біліп, Орыс-ханның немересі Темір-Құтылық оғланды хан көтеріп, Алтын Ордада билік құрады. Хижраның 800 жылы (1397-1398 жж.) Темір-Құтылықтың жарлығы бойынша Жошы ұлысының барлық әскерінің басшысы - бегілер-бек болып жарияланады. Темір-Құтылықтың хан болуымен, нақты Едігенің билік құруы кезеңінде Алтын Орда аз уақытқа болса да қайтадан күшейеді. Тіпті, Әмір Темір қайтыс болғанан кейін, 1406 жылы Хорезмді өздеріне қаратып алады.

 

Халқымыздың мың жарым жылдық тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі ретінде Ворскла өзенінде болған, Едіге есімімен тікелей байланысты ірі шайқасты айтуымызға болады. Тарихи мәнді бұл оқиға 1399 жылы болып, бірнеше халықтың алдағы уақыттағы тағдырын шешіп береді.

 

Хандық биліктен айрылған Тоқтамыс алдымен Қырымға, кейін Литва жеріне қашып құтылады. Мұнда оны Литваның ұлы князі Витовт жақсы қабылдап, қолдайтындығын білдіреді. Алтын Орда пайдаланып қалмақшы болған Витовт 1399 жылы Литва әскерін, Польша әскерін, батыс орыс княздарының әскерін, Тевтон орденінің рыцарларын бастап жорыққа шығады. Жаудың ауыр жасағы Ворскла өзенінде Алтын Орда әскерімен кездеседі. Орыс жылнамалары бойынша Витовт Темір-Құтлық ханға: «Жаратушы мені бар жердің әміршісі етті, сен де маған бас ій, маған бала бол, мен саған әке болайын, әйтпегенде, құлым боласың»,- деп бағынуын талап еткен. Әскер басына ертеңіне жеткен Едіге мұны естіп, Витовтты өзен жағасына шақыртады. Екі қолбасшы өзеннің екі жағында кездескенде, Едіге Витовтқа былай деп жауап береді: «Ұлы Орданың ханын сен өзіңнен жасы кіші деп тауыпсың, өліңе бала болып бас июге шақырыпсың, Рас, Темір-Құтлықтың жасы сенен кіші. Бірақ мен Едіге, сенің жасың менен кіші. Кел, сен маған бала болып, бас ій, алым-салық төле, еліңдегі барлық теңгеге Орданың таңбасын соғатын бол». Шайқас сол жерде-ақ басталып кетеді.

 

Бұл ірі шайқаста Едіге бастаған Алтын Орда әскері толық жеңіске жетеді. Витовт әлемге даңқы жеткен, ержүрек, өркөкірек, жеңімпаз әскерінен түгелге жуық айрылады, басын сауғалап, өзі әрең аман құтылады. Литвандар мен орыстардың, ляхтар мен алмандардың, көптеген атақты да даңқты князьдары мен әскербасылары ажалдарын осы шайқаста табады.

 

Шайқастың тарихы мәні өте зор болды. Біріншіден, бұл соғыс бүкіл түрік халықтарының келешегін шешті. Жеңіліске тап болған жағдайда түрік халықтарының жарқын болашағына жол қиылар еді. Екіншіден, бұл соғыс Еуропадағы тепе-теңдікті сақтап қалды. Жеңіске жеткен жағдайда Литва мемлекеті ерекше күшейіп, тарих ағымы басқа арнамен кетер еді. «Мұндай жеңісті Шыңғыс та, Бату да көрген емес»,- дейді Қарамзин өз «Тарихында».

 

15 жылға жуық ұлыста билік құрған Едігеге 1410-1411 жылдары шамасында Тоқтамыстың Жәлел-ад-дин бастаған балалары және өзі таққа отырғызған Темір-хан қарсы шығып, Хорезмге қашуға мәжбүрлейді. Тек Жолел-ад-дин мен Темір-хан арасындағы қақтығыс Едігенің күйреуін аяқсыз қалдырады. Темір-ханның қол астындағы Ғазан деген әскер басы сатқындық жасап оны өлтіріп, Жалел-ад-дин жағына шығып кетеді. Едігені құртуға келген Жалел-ад-диннің әскері жеңіліске ұшырап, Едіге Хорезмде билік құрады.

 

1419 жылы мысырлық тарихшы Едігенің замандасы ал-Айнидің жазуы бойынша Сарайшықтың маңында Едіге Тоқтамыстың балаларының бірі Қадірбердінің қолынан қаза табады.

 

Едігенің Ұлытаудың ұшар басында тастан қаланған бейіті бар екені көпшілікке мәлім. Бұл туралы Мәшхүр Жүсіп шежіресінде мынандай аңыз бар: «Ер Едігенің өзі тұрақ қылған жері Ұлытау, Кішітау екен. Өзі өлерінде Ұлытаудың басында отырып Кейқуаттың сөзінен құса болып жарылып өлген екен. Сонда өлерінде айтқан екен:

 

Мені бұл жерге жер қазып көмбендер, қорған тас қалап қойыңдар, Нұралы жер үстінде бар болса, «Ат айналып қазығын, диірмен айналып шүмегін табар», - дегендей бір табар. Сонда мені Қаратаудың бауырында Қарақалпақ атасы Созақтың қара обасының қасында Бабай түкті шашты Әзіз атам бар, соның қасына апарып қойсын,- деген өсиетімен денесін сонда апарып қойған екен. Ұлытаудағы аманат қойған екен. Ұлытаудағы аманат қойған жайын «Ақ мештіт әулие» деп атап кетіпті».

 

Ерлігі ел ішінде аңыз-жыр болған ұлағатты бабамыздың есімі ел есінде мәңігілікке сақталып отыр. Тек, ауық-ауық Едіге бабамыздың өнегелі өмір жолын, ел үшін атқарған даңқты істерін өскелең жас ұрпаққа айта отыру ақылшы аға буын өкілдерінің парызы.

 

Дереккөз:

 

Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Наурызнама. Аталы ойлар. Алматы қаласы.

Е. Мағауин. «Едіге» халық эпосы. Алматы қаласы.

Ш.Уәлиханов. «Тәңірі» Құдай. Қазақ бақсы-балгерлері. Алматы қаласы.

Ұлытау 2005 экпедициясының материалдары, Қарағанды қаласы.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға