Жаңалықтар

«Ер есімі ел есінде» жобасы іске қосылды

«Ер есімі ел есінде» жобасы іске қосылды
Фото: El.kz 04.05.2023 16:34 3149

Елімізде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы жасалды.

Елімізде соғыс ардагерлерін еске алу және Жеңіс күніне орай Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Qazcontent» АҚ  «екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы» жобасын іске қосты. Бұл база соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің аттарын мәңгі есте сақтауға арналған  электронды ресурс. 

Ол El.kz ақпараттық агенттігі арқылы жүзеге асырылады.

База онлайн режимінде толықтырылып, «Ер есімі ел есінде» ақпараттық платформасында жинақталады. Сонымен қатар, әрбір қолданушы деректер базасын толықтыруға қатыса алады. Ол үшін  әрбір оқырман майдан даласына аттанған аталары туралы деректерін batyrlargatagzym.el.kz сайтына жүктеп, болмаса төмендегі поштаға жолдау қажет: elimai2012@gmail.com

Ардагерлер туралы жіберген ақпаратта аты-жөні, туған жері мен жылы, әскери атағы, соғыстағы ерліктері туралы толық мәліметтерін көрсету керек. Сонымен қатар фотосуретінде тіркеу қажет.

Қазақстанда екінші дүниежүзілік  соғысына қатысқан 237 ардагер ғана қалған. Оларға Жеңіс күнінің құрметіне ең кемі 1,5 млн теңгеден материалдық көмек беріледі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға