Видеодан кадр

Ер адам Жайық өзеніне батып кете жаздады

Атырауда Жайық өзеніне батып кете жаздаған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Оқиға Ақаладағы "Тұрғындар" қалашығы тұсында "Малибу" жағажайында болған.

Жайық өзені бойында кезекті күнделікті профилактикалық іс-шара барысында облыстық Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры  Жантөре Демешов Сәндібекұлы 1976 жылы туған ер адамды байқап қалған. Ол дереу көмекке асығып, өзенге бата жаздаған тұрғынды құтқарып қалды.