Ер адам әйелін аралардан құтқарамын деп көз жұмды
04.07.2025 13:09
Фото:
©Pixabay.com
Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында ер адам әйелін аралардың шабуылынан құтқарамын деп қайтыс болды. Бұл туралы Times of India басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Оқиға Шахдол аймағындағы Кхандари ауылы маңындағы орманда болған. 55 жастағы Самай Лал мен әйелі Сиявати мал бағып жүрген. Кенеттен Сияватиді аралардың илеуі қоршап алған. Мұны алыстан байқаған Самай Лал бірден көмекке ұмтылған.
Жүгіріп келіп, ол әйелін аралардан қорғауға тырысып, оның үстіне шарф жапқан. Алайда осыдан соң жәндіктер ер адамның өзіне тап беріп, ол аралардың уынан қайтыс болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

