©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Ер адам аузындағы электронды темекісі жарылып көз жұмды

Таиландтың Нонгбуалампху провинциясында электронды темекі жарылып, балықшы көз жұмды. Бұл туралы The Thaiger басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

47 жастағы ер адамның мәйіті 18 қазан күні канал жағасынан табылған. Куәгерлер оның аузы мен бетін, кеудесін күйік шалып, ауыр жарақат алғанын айтады.

Алғашында полиция ер адамға оқ атылған болуы мүмкін деп болжаған. Алайда сот-медициналық сараптама нәтижесінде металл сынықтары табылып, мамандар ер адамның аузында электронды темекі жарылғанын анықтады.

Оқ іздері жоқ, тек электронды темекінің ұсақ бөлшектері ғана табылды. Жарылыстан жүрек пен өкпе зақымданып, толықтай жойылған, – деді полиция өкілі.

The Thaiger мәліметінше, бұл – Таиландта электронды темекінің жарылуынан болған алғашқы өлім жағдайы. Тергеушілер құрылғыда сапасыз немесе қолдан жасалған аккумулятор орнатылған болуы мүмкін деп болжайды.

Бұл қайғылы оқиға баршаға ескерту болуы тиіс. Электронды темекі батареялары кішкентай болғанымен, өте қауіпті және өлімге әкелуі мүмкін, – деп мәлімдеді полиция.