Энергетика министрлігі: жылыту маусымы тұрақты өтті
27.05.2025 10:28
Фото:
t.me/KZgovernment
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы жылыту маусымы тұрақты және ірі технологиялық бұзушылықтарсыз өткенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылы энергия көздерін жаңартуға және жаңғыртуға бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға артып, 327 млрд теңгеге жетті. Инвестициялардың айтарлықтай өсуі жылу желілері саласында да байқалды – 28%-ға артып, 148 млрд теңгені құрады.
Электр стансаларында жөндеу кестесіне сәйкес 10 энергия блогына, 55 қазандыққа, 45 турбинаға жөндеу жүргізілді. Электр желілерінде 21 мың шақырым электр беру желілері, 423 қосалқы станса жөнделді. 542 шақырым жылу желілерін қайта құру және ауыстыру жүргізілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

