Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі тыл еңбеккерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

09.05.2025 04:22

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Энергетика министрлігі тыл еңбеккері Илья  Давтянды құттықтап, оған алғыс пен  құрметі көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тыл ардагері 1932 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол жасөспірім бола тұра  қажырлы еңбек пен Отанға адалдық танытып, Жеңіске өз үлесін қосты. Соғыс кезіндегі ауыр жағдайларға қарамастан, оның тылдағы ерен еңбегі табандылық пен патриотизмнің жарқын үлгісіне айналды.

Сіз секілді азаматтардың арқасында соғыстың ауыр сынақтары еңсерілді. Сіздің тылдағы еңбегіңіз – бұл халық жадында мәңгі сақталатын ерлік, – делінген құттықтау хатта.