Алмасадам  Сәтқалиев  / Болат Ақшолақов

Энергетика министрі ауысып, Болат Ақшолақов жаңа қызметке тағайындалды

04.04.2023 14:10

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Алмасадам Сәтқалиев 2021 жылдың наурыз айынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.

Ал Энергетика министрі болған Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Ол 2022 жылдың қаңтарынан бастап Энергетика министрі қызметін атқарды.