Жаңалықтар

"Енемнен қалған 200 жылдық қазан бар": Дәстүрді сақтаған Тамара Асар көпшілікті сүйсінтті

"Енемнен қалған 200 жылдық қазан бар": Дәстүрді сақтаған Тамара Асар көпшілікті сүйсінтті
Фото: instagram.com/tamara_assar_official 22.12.2023 12:00 2881

Танымал әнші Тамара Асар “Ұйқым келмейді” бағдарламасында отбасылық өміріндегі құндылықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жолдасым – үйінің тұңғышы. Үйленетін кезде жолдасымнан “ата-бабаңнан не қалды?” деп сұрадым. “Әкемнің аты жазылған кілем, балға мен балта, сосын анамнан қара қазан қалды” деді. “Қазан қарындасымның үйінде” деді. Жолдасым әулеттің үлкені болғандықтан, бүкіл құнды дүниелерді алдырттым. Қарындасының үйінен қазан да келді. Жақсылып, жуып тазалап, қолдануға болатын түрге келтірдім. Қазір тамақ істеуге қолданамын. Одан кейін 1829 жылы шойын болаттан құйылған үлкен қазан бар екенін айтты. Оны да алдыртып, биыл наурызкөже астық. Сенесіз бе, сол қазанға 5-6 жылдан соң 200 жыл толады. Үйде көп болмай, ән сапарға кеткенде “қазандарым орында тұр ма?” деп сұрап қоямын, – дейді әнші. 

Тамара Асар күйеуге таныстықтан соң бір апта ішінде шыққанын айтты.

Өзімнен бұрын әкеме қатты ұнатты. “Осы сенің адамың” деп батасын берді. Өнер адамы болғасын әртүрлі қалада жүреміз. Жолдасым Қостанай өңірінің тумасы. Осы күнге дейін “Саған үйленемін деген жігіт” болмапты. Жолдасым ол сөзді айтты. Бас-аяғы бір аптаның ішінде отбасын құрдық, – дейді өнер иесі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға