Енді «Яндекс. Такси» жолақысын көтермейді, комиссия алынбайды
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
15.12.2023 13:00
1165
«Яндекс. Такси» монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Яндекс Такси Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 млрд теңге аударды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Яндекс. Такси» монополияға қарсы комплаенс жасасып, оның аясында мынадай шаралар кешенін іске асыру көзделген:
- біріншіден, жүргізушілер үшін еңбекақыны арттыру шартының бірі ретінде, егер тапсырыс жол жүру ақысының базалық құнынан екі есе асатын болса, 14 желтоқсаннан бастап, Яндекс комиссиясын өндіріп алуды тоқтататын болды; (экономикалық әсері жылына шамамен 2 миллиард теңгеге);
- жүргізушілер үшін қосымша бонустық бағдарлама енгізу (2024 жылы сала айналымы мен инфляцияның өсуіне байланысты 7-10 миллиард теңге);
- тарифті қалыптастырудың ашықтығын арттыру мақсатында тарифті не үшін көтергені және қандай өзгеріс болғаны туралы негіздеме келтіре отыра, пайдаланушы қосымшасын жақсарту.
- екіншіден, жолаушылар үшін жаңартылған «Бірге» тарифі енгізіледі, ол тіпті ең жоғары сұраныс болып тұрғанның өзінде, төмен бағамен таксиге тапсырыс беруге мүмкіндік береді (тарифті х2-ге дейін көтеруге шектеулер);
- агрегатор такси қызметтеріне ең жоғары сұраныс жағдайында, мысалы, ауа-райының қолайсыздығында немесе мереке күндері х3-тен жоғары тарифті көтеруге шектеулер енгізеді - тоқсанына аталмыш деңгейден жоғары сапарлардың саны 5 пайыздан аспайтын болады;
- баламен жүретін жолаушылар үшін «балалар» тарифі енгізіледі, ол балалар креслолары немесе бустері бар автокөлікті шақыруға мүмкіндік береді.
Такси жүргізушілерімен тиімді қарым-қатынас жасау және клиенттермен байланысты қолдау үшін Call-орталықта «кәдімгі» оператор жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, жолаушылар мен жүргізушілердің мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін келесі жүйелі шаралар қабылданды:
- Агенттік заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасады, оларды енгізу жүргізушілерге Яндекс-пен таксопарксіз тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (таксопарктер комиссиясы 4-8 пайыз болады);
- «Яндекс» бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ баға белгілеуге әсер ететін факторларды (ауа райы жағдайлары, мереке күндері, сұраныстың артуы, жүргізушілердің болмауы және т.б.) егжей-тегжейлі зерделеу үшін IT саласындағы тәуелсіз аудиторлық компания агенттікпен, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп алгоритмдік баға белгілеу аудитін жүргізеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға