Енді түнде үй жинасаңыз айыппұл салынады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Енді түн ортасында үй жинаймын деп шаңсорғышты қосып, көршілердің мазасын алсаңыз әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Яғни көршілерден шағым түссе айыппұл төлейсіз.
Заңнамаға сәйкес жұмыс күндері кешкі сағат 22:00-деп бастап таңғы сағат 9-ға дейін тұрғындар тыныштықты сақтау керек. Ал демалыс күндері 23:00-ден таңғы 10-ға дейін шу көтеруге болмайды.
Тіпті шаңсорғыш пен кір жуғыш машина қосып, шаш кептіргіш құрал қолдансаңыз да айыпты боласыз.
Бұл үшін пәтер иесіне 20 мың теңге айыппұл салынады. Жағдай қайталанса сома 39 мың теңгеге өседі. Ал заңды тұлғалар бірінші рет 118 мың теңге төлесе, екінші рет 785 мың теңгесін санап береді.

