«Енді татып алмаймын»: Мас күйінде ұсталған жүргізуші 15 тәулікке қамалды
15.09.2023 20:10
Фото:
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Алкогольдік ішімдік ішіп, көлік жүргізуді ұнататын азамат Үшарал-Достық тас жолында ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Nissan Cefiro көлігін 39 жастағы ер адам басқарған және оның масаң күйде болғаны медициналық сараптама қорытындысымен расталды.
Сот қаулысымен шетелдік автокөлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Соттың осындай шешіміне таң қалған қылмыскер алкогольді ішімдік ішуден мүлдем бас тартуға шешім қабылдап, барлық автокөлік жүргізушілерін үлгі алуға шақырған ашық бейне хабарлама жазды, - делінген Ішкі істер ведомствосының телеграм-арнасында жарияланған ақпаратта.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

