Жаңалықтар

Енді сотталғандарды шартты түрде мерзімінен босату қиындайды

Енді сотталғандарды шартты түрде мерзімінен босату қиындайды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 18.05.2023 12:26 1098

Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату енді қиындай түспек. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында айтылды. 

Вице-министр ауырлығы аз немесе орташа қылмыстар жасағаны үшін адамдарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін жалпы мерзім төмендетіледі деп отыр.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату сотталушы іс жүзінде өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін: сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде ¼ бөлігі  ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін, - дейді Алма Мұқанова.

Оның айтуынша, жүкті әйелдер, жас баласы бар немесе тәрбиелеп отырған әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкін.

Сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде бестен бірін, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін, - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қатысты пробациялық бақылаудың 10 жылдық мерзімін белгіленеді. Сондай-ақ сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға