Студенттер шәкіртақыны «цифрлы әмиян» арқылы алатын болады
Елімізге «отбасылық цифрлық карта» мен «цифрлық әмиян» жобасы енгілмек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Келесі жылдан бастап «отбасылық цифрлық карта» мен «цифрлық әмиян» жобасы енгізілетін болады. Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірігіп жасаған жобасы. Енді әр отбасының жеке шоты болады. Ол жерге түскен ақша тек қана денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер мен білім беруге арналады. Біз электрондық әмиянды күтіп отырмыз. Өзіміздің заңнамалық базамызды өзгерту үстіндеміз. Бұл жобаның ең жақсы жері – біз білім алушыларға берілетін қаржына жоғары оқу орындарына таратпаймыз. Енді әр студент стипендияны «цифрлы әмиян» арқылы алатын болады», - деді министр.