Жаңалықтар

Енді оқушыларға арналған материалдық көмек ата-аналардың есепшотына жіберіледі

Енді оқушыларға арналған материалдық көмек ата-аналардың есепшотына жіберіледі
Фото: © ОКҚ 04.08.2023 12:56 957

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның сөзінше, министрлік мұндай шешімге көп балалы, аз қамтылған аналардың талаптарын ескеріп жасалып отыр.

«Қабылданған өзгерістер ата-аналар мен балаларға бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын, әрі жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік бермек»,- деді ол.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Орталық халықтың әлеуметтік осал санатындағы 450 мыңнан астам бала мемлекеттен қаржылай қолдауға ие болатынын айтты.

«Ол тізімге ата-ана қамқорлығынан айырылған, жетім балалар мен жан басына шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз және әлеуметтік көмекке құқылы отбасылар кіреді. Ағымдағы жылы «Жалпыға міндетті білім беру» қорының аясында әрбір білім алушыға берілетін материалдық көмектің ең төменгі мөлшері 40 567 теңгені құрайды. Республика бойынша бір балаға көмек көрсетудің ең жоғары мөлшері Павлодар облысында көзделген»,- деді ол.

Еліміздің барлық өңірлерінде мектепке жол республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2008 жылдан бері жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса» ұранымен бастау алды.

«Аталған жоба аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан сондай-ақ, асыраушысынан айырылған ерекше білім беруді қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған. Биыл «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер мен меценаттардың көмегімен 200 мыңнан астам оқушыға 3 млрд тенгеден көп қаражатқа көмек көрсету көзделген»,- деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға