Жаңалықтар

Енді оқушылар жеңілдікпен тамақтанып, тегін дәрі-дәрмек алады

Енді оқушылар жеңілдікпен тамақтанып, тегін дәрі-дәрмек алады
Фото: pixabay.com 30.07.2024 13:00 466

Биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде оқушылар тегін және жеңілдікпен тамақтандырылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру сияқты қызметтер іске асырылып келеді.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 43 ұйым қосылды, 30 мың рецепт іске асырылды; мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыруға – 93 ұйымға 27 мың түскі ас таратылды.

«Әлеуметтік әмиян» азаматтардың EGOV қосымшасында азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын алуды жеңілдету үшін жасалған.

Аталған жоба арқылы мемлекеттік көмек алу және оның жүргізілу тарихын қадағалау ыңғайлы. Ваучерлер жекелендірілген түрде жазылады, бұл кез келген заңсыз тіркеулердің мүмкіндігін шектейді. Жыл соңына дейін аталған өнім еліміздің барлық азаматтарына ыстық тамақ пен дәрі-дәрмек бойынша қолжетімді болады деп жоспарланып отыр, — деді BTS Digital ЖШС бас директоры Нұртай Әбілғалиев.

Одан бөлек, «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде ақшалай қаражатты монетизациялау, мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық оңалту құралдарын сатып алу; халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесінен азық-түлік сатып алуда атаулы көмек көрсету; әлеуметтік осал санаттағы тұтынушылар үшін тауарлы газға ваучерлер мен жанрмай бағасының өсуін өтеу үшін ваучерлер ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосу қосымша пысықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға