Жаңалықтар

Енді оқушылар мен студенттер қаржылық сауаттылық бойынша білім алады

Енді оқушылар мен студенттер қаржылық сауаттылық бойынша білім алады
Фото: Amanat партиясы 16.07.2024 19:41 531

Бүгін Астанада мектептердің мұғалімдері және колледждер мен университеттердің оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін жиналды. Олардың барлығы – «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылығын арттыру жобасының болашақ тренерлері, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс істейтін 10 млн қазақстандықтың 9 млн-да несиелері бар, ал тізілімдегі борышкерлердің жалпы саны 3,4 млн адамды құрайды. Тұтынушылық несиелердің жалпы көлемі 5 трлн теңгеге өсіп,  2023 жылы 18,2 трлн теңгеге жетті. Бұл елдің жылдық бюджетінің 75%-ын құрайды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, елдегі студенттердің 80%-ында несие бар. Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, халықты несиелендіру мәселесін жүйелі түрде шешу үшін білім беру мекемелерінің бағдарламасын қайта қарау керек.

Өздеріңіз білетіндей, партия «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жөнінде тың бастама көтерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қолдап, оның ауқымын жалпыхалықтық деңгейге шығаруды тапсырды. Бұл жұмысқа Үкімет пен Ұлттық банк қосылды. «Қарызсыз қоғам» жобасы қарызға белшеден батып, үмітін үзгендерге нақты қолдау көрсетеді. Жоба қолда бар қаражатқа өмір сүруге, қажетсіз несиеден бас тартуға үйретеді. Барлық аймақтағы азаматтар бұл жобаға қолдау білдіріп, оны жалғастыруды сұрап отыр, – деді ол.

Партия хатшысы 2024 жылы барлығы 100 мың студент пен 450 мың оқушы қаржылық сауаттылық бойынша білім алатынын атап өтті. Қосымша 200 мың азамат оқу курстарынан өтеді. Осылайша, жоба 750 мың адамда қамтиды. Биыл 80 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар қазір оқушылар «Жаһандық құзыреттілік» пәні арқылы қаржы саласы туралы жаңа білім алуда. Өкінішке қарай ол ата-аналар қауымдастығының, сарапшылардың және мектеп оқушыларының жиі сынына ұшырап келеді. Мәселені терең зерттеу үшін осы жылдың 1-5 сәуір аралығында арнайы сауалнама жүргізілді. Зерттеуге «Жаһандық құзыреттілік» пәні бойынша қаржылық сауаттылықтан сабақ беретін педагогтер, сондай-ақ оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты. Респонденттердің жалпы саны 500 мыңнан асты.

Әр бесінші оқушы «Жаһандық құзыреттілік» сабағы қызықтырмайтынын айтты. Оның бірнеше себебі бар: пән кестеде 7-ші немесе 8-ші сабақ ретінде тұр, тақырыптар мүлдем қызықсыз, ал интернеттегі материал керісінше қызықты. Сонымен қатар осы пән бойынша сабақ беретін мұғалімдер жоқ. Сабақты тарих, көркем еңбек, дене шынықтыру және қазақ тілі мұғалімдері жүргізеді. Соған қарамастан, сауалнамаға қатысқан оқушылардың 60%-ы қаржылық сауаттылықтың маңызын атап өтті. Ата-аналар да олармен келіседі. Респонденттердің 78%-ы балалары қаржылық сауаттылықты зерттеуге ниетті екенін жеткізді, – деді Эльдар Жұмағазиев.

«Қарызсыз қоғам» жобасы өткен жылдың 2 мамырында Halyk bank қолдауымен пилоттық режимде басталды. Жобаны іске асыру барысында 150 мыңға жуық адам оқудан өтті. Сарапшылардың дәрістерінен басқа, жобаға қатысушылар enbek.kz порталына тіркелуден бастап сұрақтардың кең ауқымы бойынша және соттан тыс банкроттық сүйемелденгенге дейін ЖК ашу, берешекті өтеу кестесін жасау бойынша кеңес алады. Сондай-ақ, оқу процесінде қатысушыларға адвокаттардың көмегіне кепілдік беріледі. Олар әр қарыз алушының несиелік тарихын жеке зерттейді және қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша практикалық кеңестер береді.

Еске сала кетейік, «Қарызсыз қоғам» жобасы былтыр 2 мамырда Halyk Bank-тың қолдауымен қанатқақты режимде бастау алды. Кейін жобаға тағы 11 банк қосылды. Сарапшылардың дәрісінен бөлек, жобаға қатысушылар enbek.kz порталына тіркелу және жеке кәсіпкерлік ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу және берешекті өтеу кестесін әзірлеуге дейінгі түрлі сұрақтар бойынша кеңес алады. Сондай-ақ, оқу барысында қатысушыларға заңгер көмегіне кепілдік беріледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша кеңес береді.

Курсқа жазылу үшін qogamfin.kz сайтындағы нысанды толтыру қажет. Жобаға қатысушылар күндізгі форматта сауатын арттырып, бір топта 50 адамға дейін оқытылады. Дәрістің ұзақтығы – 5 жұмыс күні.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға