Енді онлайн петицияға жазылған пікірлер де тексеріледі
Фото: iStock
Фото: iStock
18.10.2024 12:24
452
Елімізде онлайн петицияға жазылған пікірлер де ескеріліп, тексеруден өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа өзгерістерге сәйкес ұжымдық өтінішке пікір қалдыру функциясы сақталады. Сондай-ақ әр жазбаны қадағалап, тексеріп отыратын жауапты орган да белгіленеді.
Көптің талқылауына шығарылған құжат мәтініне қарағанда уәкілетті ұйым есебінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы бекітілмек. Олар жазылған пікірге не оның бөлігіне қатысты түскен шағымның заңдылығын анықтайды. Егер тәртіп бұзылғаны нақтыланса, бес жұмыс күнi iшiнде операторға хабар беру тиіс. Ал жауапты оператор үш күн ішінде жазбаны өшіреді не жасырып қояды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда мектеп басшылығы мұғалімдерді сотқа берді