Жаңалықтар

"Енді өмірге бұрынғыдай қарамаймын". Фариза Төреәлі дерті туралы мән-жайды айтты

"Енді өмірге бұрынғыдай қарамаймын". Фариза Төреәлі дерті туралы мән-жайды айтты
Фото: instagram.com/farizatoreali 22.11.2023 15:12 10398

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі онкологияға шалдыққан болуы мүмкін екенін айтып, Түркияға тексерілуге кеткені белгілі. Қан анализдерінің жауабы шығып, блогер мән-жайды айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Блогердің айтуынша, елде қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған. Ісік поджелудокта, одан таралып өкпеге кеткен деген.

Елде қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған. Ісік поджелудокта, одан таралып өкпеге кеткен деген.. Ешбір маман ештеңе айта алмады. Түркияға келіп ең мықты деген клиника мен дәрігерлерге тексерілдік. Биопсия алдымен ішектен алынды, одан соң операциямен өкпені тексеру үшін кеудені тесті. Алла ұлық, бәрі таза!  Әлі шок күйіндемін.. бұны басынан өткізген адамдар ғана шын түсінер, - деп жазды ол.

Оның айтуынша, адам ертеңгі күні өзін не күтіп тұрғанын тіпті біле алмайды.

Бірнеше апта ішінде өмірім осылай өзгеріп кететіндігін еш ойламаппын. Алланың ең үлкен хикметінің бірі де осы шығар, маған көп нәрсені ұғындырды! Бәлкім басынан өтпеген адам түсінбес, бірақ мұсылман әрдайым әр күнін “соңғы күн” секілді сүруі керек екен дер едім. Бұл ақиқат. Аудиторияма басынан бастап бөліскенімнің себебі де осы. Жасырып, ешкімге айтпау да ойда болған, бірақ жария етуді Алла жүрекке салып қойды. Сондағы ойым қауымға ескерту, мені себепші етіп Алла қаншама адамға саналы өмір сүруді, парыздарын толықтыруды, иманын күшейтуді, ақиқатты және мәңгі өмірге дайындалу керектігін еске салып жатыр! Мен үшін тоқтаусыз дұға еткен, тахаджутке тұрған, тіпті Меккеде жүрген жандардың дұға етуін сұраған әр оқырманыма миллиондаған жақсылық тілеп отырмын. Құлазығанда көңілімді көтеру үшін жазған әр хаттарыңыз үшін Раббым еселеп сауап жазсын. Қиын сәтте адамды жұбату өте үлкен сауап екен дінімізде.. Әр оқырманымды шынайы жақсы көремін. Енді Фариза өмірге бұрынғыдай қарамайды.., - деп жазды Фариза Төреәлі.

Айта кетейік, бұған дейін блогер нейроэндокриндік ісікке күдік барын, тексерілу керек екенін жазған еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға