Жаңалықтар

Енді министрлерге өз үйлерін жалға беруге рұқсат беріледі

Енді министрлерге өз үйлерін жалға беруге рұқсат беріледі
Фото: Pixabay.com 02.10.2024 13:31 543

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Үкімет мүшелеріне өздеріне тиесілі тұрғын үйді жалға бере алатыны жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен табыс алу құқығы бекітілетін болады. Осыған ұқсас норма Мемлекеттік қызмет туралы заңда бар және қолданылады. «Үкімет туралы» Конституциялық заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда мұндай тыйым көзделмегендіктен, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда Үкімет мүшелеріне өздеріне тиесілі тұрғын үйді жалға беруге тыйым алынып тасталады. Яғни Үкімет мүшелері басқа мемлекеттік саяси қызметшілермен қатар оларға тиесілі тұрғын үйді жалға бере алады, - деді Сарқұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға