Жаңалықтар

Енді мектептердегі тамақтандыру сапасы күнделікті тексеріледі – министр

Енді мектептердегі тамақтандыру сапасы күнделікті тексеріледі – министр
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 19.11.2024 11:45 80

Қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты.

Ведомство басшысының сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты әзірленді. Ол 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізілмек.

Министр тиісті нормативтік құқықтық талаптар күшейтілгенін де қоса кетті.

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында күнделікті мониторинг енгізілді. Мектеп аспаздарының біліктілігіне, олардың білімі мен еңбек өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Өнім берушілердің қызметін бастамас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы туралы шарт бекітілді. Сондай-ақ ас блогына бейнебақылау орнату міндеттелді, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға