Жаңалықтар

Енді көңіл күйі болмай тұрған қызметкер жұмысқа шықпауына болады

Енді көңіл күйі болмай тұрған қызметкер жұмысқа шықпауына болады
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 22.04.2024 12:23 5676

Қытайдағы Pang Dong Lai супермаркеттер желісінің басшысы өзін нашар сезінген, көңіл күйі болмай тұрған қызметкерлеріне жұмысқа шықпай, демалуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ондай адамдар 10 күнге дейін жұмысқа шықпай, демала алады. Сонымен қатар, компанияда жылдық еңбек демалысы 30-40 күнге дейін созылады екен.

Мен қызметкерлерімнің еркін болғанын қалаймын. Бәріміздің әлденеге көңіліміз толмайтын кезіміз болады. Сол себепті өзіңді бақытсыз сезінсең – жұмысқа келме, – дейді Қытайдағы супермаркет желілерінің басшысы. 

Желі қолданушылары бұл ережені қолдайтындарын жарыса жазып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға