Жаңалықтар

Енді eGov Mobile арқылы тағы бір анықтаманы алуға болды

Енді eGov Mobile арқылы тағы бір анықтаманы алуға болды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.07.2024 17:09 479

Енді қазақстандықтар eGov Mobile мобильді қолданбасы арқылы өз балаларына соттылықтың жоқтығы туралы анықтама ала алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қызмет кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қолжетімді.

Пайдаланушылар анықтама форматын таңдай алады: электронды түрде немесе апостильмен қағаз түрінде. Егер апостилмен анықтаманы таңдасаңыз, Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын көрсетуіңіз және мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама - талап ету орны бойынша ұсынуға, шетелге шығу кезінде визаны ресімдеуге, тұруға ықтиярхат алу үшін, ҚР азаматтығын алу, қайта алу не одан шығу үшін қажет, - делінген  Ұлттық ақпарттық технологиялар АҚ таратқан мәліметте.

Қызметті алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  • еGov Mobile қолданбасында авторизация жасаңыз және «Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту» бөліміне өтіңіз;
  • «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» тармағын таңдаңыз және қажетті өрістерді толтырыңыз.
  • Өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.
  • Нәтижені Жеке кабинет тарихында тексеруге болады. Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут, ал қосымша
  • тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күніне дейін. Шетелге шығу үшін қажетті анықтамалар үшін мерзім де 5 жұмыс күніне дейін.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға