©El.kz/Артем Чурсинов

Енді БЖЗҚ қаржысына акциялар сатып алуға болады

2025 жылдың 29 қазанындағы Үкімет қаулысымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) активтерін Ұлттық банк сенімгерлікпен басқаратын қаржы құралдарының тізіміне толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Құжатқа сәйкес, енді зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына шетелдік нарықтарда айналымда жүрген жаңа позициялар қосылды. Атап айтқанда:

  • баламалы (альтернативті) қаржы құралдары;
  • арнайы мақсаттағы компаниялар мен серіктестіктердің (Special Purpose Vehicle) акциялары мен үлестері;
  • бағалы қағаздарды кепілге бере отырып қарызға ұсыну (Securities Lending).

Сондай-ақ қазақстандық қаржы құралдарының тізіміне де жаңа бағыт енгізілді:

бағалы қағаздарды кепілге бере отырып қарызға ұсыну (Securities Lending).

Аталған қаулы 2025 жылдың 31 қазанынан бастап күшіне енеді.