Жаңалықтар

Енді балаларды басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады

Енді балаларды басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 20.08.2024 16:32 394

Енді ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды үйден шықпай-ақ, eGov.kz порталында жүзеге асыра алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс жерлерде көрсетілген кез келген білім беру ұйымын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды қажет етпейді. Мектеп таңдаған кезде оқу тілі де көрсетіледі. Сондай-ақ өтініш берушінің өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметті алу үшін:

* eGov.kz порталында тіркеуден өтіп, «Білім» бөліміне өту керек;
* «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін таңдап, қажетті жолдарды толтыру және ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою қажет;
* қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

Айта кетейік, жаңа мемлекеттік қызмет түрін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР ЦДИАӨМ, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп әзірледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға