«Еңбекші Jastar»: Ақтаулық оқушылар теңізшілермен кездесті
21.05.2025 22:15
Фото:
Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы
Ақтау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінде Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Еңбекші Jastar» жобасы аясында ерекше кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқушылар еліміздің теңіз көлігі саласының мамандарымен жүздесті. «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының өкілдері теңізші мамандығының артықшылықтары, кемедегі жұмыс тәртібі мен шетелдік рейстер туралы қызықты ақпараттарды бөлісті.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, оқушылар өз сұрақтарына нақты жауаптар алды. Шара соңында кәсіптік бағдар беретін бейнематериалдар ұсынылды.
«Еңбекші Jastar» – жастарды жұмысшы мамандықтармен таныстырып, еңбекке деген құрметті арттыруды мақсат етеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

