Жаңалықтар

«Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары 22 қыркүйекте анықталады

«Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары 22 қыркүйекте анықталады
Фото: © ОКҚ 20.09.2023 12:45 611

Биыл елімізде Еңбек күні мерекесі 24 қыркүйек күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Еңбек күні күнтізбедегі еңбек мерекесі ғана емес, жұмыс өмірінің сапалы көрсеткіші екенін айтады.

Еңбек күнін мерекелеу дәстүрі әлемдік тренд болып табылады. Әлемнің 100-ден астам елі бұл күнді айрықша атап өтеді. Ал бірқатар елде тіпті мемлекеттік мәртебеге ие, – деді вице-министр.

Сондай-ақ Ақмәди Сарбасов Еңбек күнін мерекелеу аясында жыл сайын «Еңбек жолы» деген республикалық конкурсы өтетінін айтты.

Биыл конкурсқа қатысу үшін 591 өтінім қабылданды. Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндіріс үздік жас маманы» номинациялары бойынша өңірлік және республикалық деңгейде екі кезеңмен өтеді, – деді Ақмәди Сарбасов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрінің сөзінше, аталмыш байқаудың жеңімпаздары 22 қыркүйек күні салтанатты рәсімде жарияланады. Оларға ақшалай сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға