«Еңбек» РМК басшылары пара алды деген күдікке ілікті
08.01.2025 10:27
Фото:
©El.kz/Нұркен Алишев
«Еңбек» РМК басшылары жемқорлықпен әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ ЖҚД бірлесіп Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ РМК басшыларын бірнеше рет пара алу бойынша әшкереледі.
Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді, - делінген мәліметте.
Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

