Жаңалықтар

Еңбек инспекциясы «Қазфосфаттағы» жағдайға түсініктеме берді

«Қазфосфат» компаниясының қызметкерлері арасында түсініспеушілік туындады
Еңбек инспекциясы «Қазфосфаттағы» жағдайға түсініктеме берді
Фото: z-taraz.kz 23.11.2022 20:37 1748

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы «Қазфосфаттағы» жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

23 қараша күні сағат 11:40 шамасында «Қазфосфат» компаниясының қызметкерлері арасында түсініспеушілік туындады. Цифрлық трансформация басқармасының бастығы әріптестеріне дөрекі сөйлегені анықталды.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Қазфосфат» ЖШС цифрлық трансформация басқармасының бастығы әріптестерінен кешірім сұрады. Басқармада атап өтілгендей, ол атқаратын қызметінен босатылды.

«Аталған факт бойынша 20 ерікті қызметкерден тұратын жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына цех басшылары мен кәсіподақ өкілдері кірді», делінген еңбек инспекциясы басқармасы таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта кәсіпорындағы жағдай тұрақты. Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда ұстайтынын хабарлады.

Айта кетсек, зауытта жиналған қызметкерлер саны 200 адамды құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға