Жаңалықтар

Еңбек адамы: Астанада көше сыпырушыларға жағдай жасалған ба?

Еңбек адамы: Астанада көше сыпырушыларға жағдай жасалған ба?
Фото: El.kz 18.04.2023 19:00 1958

Астана – еліміздегі ең таза қалалардың бірі. Бұл жылдың төрт мезігілінде де қолынан сыпырғысы мен күрегін тастамайтын тазалыққа жауапты жұмысшылардың еңбегі.

Соңғы күндері қаланы қалың қар басып, коммуналдық қызметтерлерге біраз қиындық тудырды. Қарбалас жұмыстың арасында күрегіне сүйеніп, аздап тынығып тұрған егделеу жастағы кісіні әңгімеге тарттық. Жасы алпыстан асқан. Есімі Хавлашат Кәуен.  12 жылдан бері «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істеп келеді екен.  

Еңбек адамы: Астанада көше сыпырушыларға жағдай жасалған ба?

Қаланың тазалығына жауапты мамандардың жұмысы қыс мезгілінде қызады. Әсіресе, қар қалың түскен күндері. Таңғы сағат 06.00-де басталған жұмыс кешкі 17.00-ге дейін жалғасады. Қыста қаладан тонналап қар шығарса, жазда қоқыс тазалайды.

Еңбек адамы: Астанада көше сыпырушыларға жағдай жасалған ба?

Жұмысқа келу үшін түнгі сағат 03:30-да тұрамыз. Арнайы қызметтік көлікпен алып кетеді. Кешке сағат алты жарымда үйге жетеміз. Көп адам ерте тұруды қиынсынады. Дегенмен, бұл жұмыстың талабы. Ешқашан жұмыстың оңайы болмайды. Әр жұмыстың өзіндік қиындығы болатыны белгілі, - дейді кейіпкеріміз.

Еңбек адамы: Астанада көше сыпырушыларға жағдай жасалған ба?

Күнделікті жұмыс орнына келген соң құрал-жабдықтарын алып, күндік жоспармен және техника қауіпсіздік шараларымен танысады.

Хавлашат Кауеннің сөзінше, 12 жылдың ішінде қала тұрғындарының мәдениеті өсіп, қала тазалығына жауапкершілікпен қарайтындардың қатары көбейген.

Қоқыс тастап, жан жағын шашып кететін адамдардың қатары азайды. Қаламыз бұрынғыдан таза деуге болады. Жұмыс күші де, техникалардың саны да артты. Тұрғындар біздің жұмысымызға түсіністікпен қарап, бізге көмектесетін болды, - дейді ол.

Еңбек адамы: Астанада көше сыпырушыларға жағдай жасалған ба?

Әріптестері Кауеннің жұмыстан қалып немесе ретсіз сұранбайтынын тіпті кешікпейтінін айтады.

Тазалық саласындағы 12 жылдық еңбегі үшін түрлі марапаттар алған. Есіл ауданының және Астана қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Сондай-ақ, «Астана Тазалық» мекемесінен де алғыс хат алған.

Тазалық мамандарының жұмысы ауа райының қолайсызыдығына, карантиндік режимге және басқа да себептерге байланысты тоқтамайды. Жылдың төрт мезігілінде де жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, соңғы 3 күнде елордада екі айда жауатын қар түскен. Бір түнде 24 мың текше метрден астам қар шығарылған. Ол үшін 65 механизатор, 91 жүргізуші, 144 жұмысшы мен 285 техника қарастырылған. 

Еңбек адамы: Астанада көше сыпырушыларға жағдай жасалған ба?

Бүгінде «Астана Тазалық» мекемесі қаладағы қар шығару және мұзды жолдарды тазарту шараларымен үздіксіз жұмыс істеп жатыр.  

Кәуен сөз арасында Моңғолияда дүниеге келгенін, ол жақта малшаруашылығымен айналысқанын айтып қалды. Дегенмен атамекеге деген сағынышын басу үшін Қазақстанға көшу туралы шешім қабылдаған.

Еңбек адамы: Астанада көше сыпырушыларға жағдай жасалған ба?

Бүгінде 2 ұл, 2 қызы және кішкентай немерелері бар. Жазда бау бақша өнімдерін өсірумен айналысады екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға